Профилактикалық рейдтік іс-шара өтті

Профилактикалық рейдтік іс-шара өтті

Заң мен тәртіп қағидаты аясында Жамбыл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп «Қоғам сақшысы» акциясы аясында түнгі профилактикалық рейдтік іс-шара Аса ауылдық округі аумағында өткізілді.
Рейдтің негізгі мақсаты – аудан жастары арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, түнгі уақытта кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңсыз жүруін болдырмау, сондай-ақ ойын-сауық орындары мен сауда нүктелерінде заң талаптарының сақталуын қадағалау.

Рейд барысында округ аумағындағы қоғамдық орындар, көшелер мен дүкендер араланып, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түнгі уақытта заң талаптарын бұзған кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ата-аналарына және сауда орындарының иелеріне Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес тиісті ескертулер беріліп, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Аталған рейд қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.