Сайлау комиссиясының есептік кездесуі

Сайлау комиссиясының есептік кездесуі

Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы атқарған жұмыстары және 2026 жылға жоспарланған жұмыс барысы туралы сайлаушылармен есептік кездесуі өтті.

Аталған жиынға Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Салқанұлы Жамалов, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Әбілқайыр Асқарұлы Боранбаев, Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы және аудан әкімінің салаға жауапты орынбасары, аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттары және сайлау процесіне қатысты уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы мен бас инспекторлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесі мен жергілікті қауымдастық кеңестің төрағалары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары қатысты.

Аудандық мәдениет үйінде өткен кездесуде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Еламан Ғалымжанұлы Алпысбаев 2025 жылы Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының атқарған жұмыстарына және 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысына тоқталып өтті.

Өткен жылдың басынан бері өткен 4 ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы (Айшабибі, Аса, Ақбастау, Жамбыл) бойынша баяндады.

Сондай-ақ, 2026 жылы ауылдық округ әкімдерінің өкілеттілік мерзімдерінің аяқталуына байланысты ауыл әкімдерінің кезекті сайлауы бойынша ақпарат берді.

Келесі сөз кезегі Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы Самат Апсадықұлы Селеубаевқа берілді. Өз баяндамасында ол жергілікті атқарушы орган мен аумақтық, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссиялары арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарына кеңінен тоқталды.

 

Атап айтқанда, сайлау науқанын ұйымдастыру барысында заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сайлау комиссияларының үздіксіз әрі тиімді жұмыс істеуіне қажетті жағдайлар жасау мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар, баяндамашы сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Оның ішінде, сайлау учаскелерін қажетті құралдармен, байланыс құралдарымен, компьютерлік техникамен, дауыс беру кабиналарымен қамтамасыз ету, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар атап өтілді. Бұл жұмыстардың барлығы сайлау процесінің ашықтығы мен қолайлылығын арттыруға бағытталғаны айтылды.

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов есептік кездесудің маңыздылығы, облыс көлеміндегі сайлау мәселелері, сайлау жүйесіндегі жаңа реформалар, сайлаудың ашықтығы мен жариялылығы, кандидаттардың сенім білдірген адамдары мен саяси партиялардың байқаушыларының құқықтары мен міндеттері, сайлаушылар тізімдерін өзектендіру жұмыстары туралы баяндады.

▲ «ҚР Орталық сайлау комиссиясының және облыстық сайлау комиссиясының  ұйымдастыруымен аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру бағытында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылды.

▲ Комиссия мүшелерінің сайлау жүйесіндегі білімі мен кәсіби біліктілігін шыңдауға арналған кезеңдік оқытулар, семинар-тренингтер, іскерлік ойындар және т.б. ісшаралары ұйымдастырылды.

Өткізілген іс-шараларда сайлау процесін ұйымдастырушыларға сайлаудың заң талаптарына сәйкес өтуіне және оның ашықтығын қамтамасыз етуге басымдықтар берілді.

Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыстағы барлық денгейдегі сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейі едәуір жоғарылады деп айтуға негіз бар.

Оның айғағы, өткен алты жылда сайлау комиссияларының сайлауды даярлауға өкілеттігі бар мемлекеттік органдар, саяси партиялар және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, 
ҚР  Президентінің екі сайлауын, Парламенттің екі Палатасының (Сенат және Мәжіліс), барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының екі  сайлауын, Республикалық  Референдумды және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ және аудан  әкімдерінің сайлауын  заң талаптарына сәйкес өткізуі.

▲ Сонымен қатар, жастарымыздың қоғамдағы рөлі мен олардың саяси белсенділігін арттыру мақсатында, өткен жылы өңірлерде           «Жас сайлаушылар» клубтары құрылып өз жұмыстарын бастады.         

Бір сөзбен айтқанда, жас сайлаушылар клубтары диалог пен практикалық алаң ретінде қызмет атқарып, жастар тарапынан қолдау табуда.

Олар білім беру квиздерін, комикстерді, интерактивті материалдарды, сондай-ақ, мектеп, колледж және университет денгейіндегі өзін-өзі басқару аясында түрлі жобаларды даярлап іс жүзінде жүзеге асыруда.

Оның айғағы ретінде өңірлерде өткен жас сайлаушылар форумын айтуға болады. Онда жастар сайлау жүйесі туралы кең ауқымды ақпарат алып қана қоймай, пікірталастарға қатысып, өз сауалдары мен ұсыныстарын ортаға салды».

Жиын барысында қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты әрі нақты түсіндірмелер берілді. Қатысушыларды толғандырған сауалдарға жауап беру арқылы сайлау процесіне қатысты өзекті жайттар кеңінен талқыланды.

Іс-шара барысында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов пен Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы сайлау науқаны кезінде жоғары ұйымдастырушылық қабілет пен жауапкершілік танытқан комиссия мүшелерін Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.

С. Айдапкелов сайлау процесін заңнама талаптарына сай, ашық әрі әділ өткізуге қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, атқарылған жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, алдағы уақытта да сайлау жүйесін жетілдіру бағытындағы бірлескен жұмыстарға сәттілік тіледі.

Кездесу соңында қатысушыларға сәттілік тілеп, ел бірлігі мен тұрақтылығын нығайту жолында бірлесе еңбек етуге үндеді.

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы