
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы аудан тұрғындарын жеке қабылдап, олардың көтерген мәселелері мен талап-тілектеріне назар аударды.
Қабылдау барысында Ерназар ауылының тұрғыны Болатбек Айтуаров жер мәселесін көтерсе, Қаракемер ауылының тұрғыны Жанна Арынова тұрғын үймен қамтуға қатысты өтінішін жеткізді. Сондай-ақ Аса ауылының тұрғыны Айжамал Акишева жақынын тұрақты жұмысқа орналастыру бойынша сұрақ жолдаса, Аса ауылының тұрғыны Ержан Дауренбеков ауыл шаруашылығын жүргізу үшін суармалы жер беру туралы ұсынысын білдірді.
Аудан әкімі әрбір өтініш бойынша заңнама талаптары аясында түсініктеме беріп, көтерілген мәселелерді зерделеу үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Өтініштердің орындалуы бақылауда болатынын атап өтті.