🔹«Жастар ресурстық орталығында» «Жас сайлаушылар клубының» алғашқы форумы өтті. Форумның басты мақсаты — жастардың сайлау процесіне қатысты маңызды мәселелерге назар аудару, сайлау белсенділігін арттыру және құқықтық мәдениетті дамыту. Сонымен қатар, жас сайлаушылар арасында пікір алмасу мен диалог алаңдарын қалыптастыру.
🔹Форумда Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Мақпал Досымбекова, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамалов, және Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Еламан Алпысбаев сөз сөйлеп, жастарды белсенділікке, еліміздің болашағына үлес қосуға, және өз таңдауын жауапкершілікпен жасауға шақырды. Жас сайлаушылар клубының төрағасы Мұрат Асылхан Бәйкенұлы жастарға сайлау процесінде тәжірибелік зерттеулер жүргізуге, азаматтық белсенділікті арттыру, сайлауға қатысу дағдыларын дамыту, және патриоттық сананы қалыптастыру бойынша жұмыстарды баяндады.
🔹Форум барысында «Жас сайлаушылар клубының» жүйелі жұмысы үшін бірнеше клуб мүшелері «Алғыс хатпен» марапатталды. Форумның мәдени бөлімінде аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндерді орындап, қатысушыларға серпін берді.