Ауданға жұмыс сапарымен келген облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов ардагерлер кеңесі, билер кеңесі, қоғамдық кеңес төрағалары мен мүшелерімен кездесу өткізді. Жиынды аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы ашып, жүргізіп отырды.
Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 2 қыркүйекте жариялаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айқындалған міндеттерге кеңінен тоқталды.
Атап айтқанда, ол Заң мен тәртіпті нығайту, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, қоғамдық кеңестер мен ауылдық қауымдастықтардың белсенділігін арттыру, сондай-ақ ардагерлер мен аналардың қоғамдағы орны мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі туралы жан-жақты пікірлерін ортаға салды.
Сонымен қатар кездесуде қоғамдық бірлікті сақтау, жастарды ұлттық құндылықтарға баулу, ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде ардагерлер мен қоғамдық кеңестердің атқаратын жұмыстары сөз болды.
Жиын соңында аудан ардагерлері мен қоғамдық кеңес мүшелері өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.