Oқу тәжірибесі өткізілуде

Oқу тәжірибесі өткізілуде

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Аса ауылының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жамбыл аудандық жедел штабымен «Жамбыл-Антитеррор-2025» терроризмге қарсы оқу тәжірибесі өткізілуде.
Оқу-жаттығудың мақсаты Жамбыл ауданының арнайы, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының күштері мен құралдарын террористік сипаттағы қауіптерге қарсы тұру және оларды жою кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл дайындығы деңгейін жетілдіру.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
Ақпараттың тек ресми көздеріне сеніп, халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеу.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Жамбыл облыстық жедел штабы