Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері алдында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндама жасады.
Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев ашып жүргізген кеңес отырысында аудан басшысы өңірде қолға алынған жобалар мен атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Өз кезегінде кеңес мүшелері ауыл тұрғындары арасында көтеріліп жүрген мәселерді қозғап, тиісті жауаптарын алды.
Құрметті депутаттар, сессия отырысына қатысушылар
Ауыл шаруашылығы
Ауданда барлығы 2 602 агроқұрылымдар жұмыс жүргізуде, оның ішінде 2 өндірістік кооператив, 33 ауылшаруашылық кооперативі және 2 567 шаруа қожалықтары.
(Тараз қаласына 721 агроқұрылым өтті, оның ішінде 2 өндірістік кооператив (Юнчи, Амангелді), 2 ауылшаруашылық кооперативі және 717 шаруа қожалық).
2025 жылдың қаңтар - маусым айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 9 млрд. 127,6 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі статистикалық есептілікте көрсетілмеген.
Оның ішінде,
- өсімдік шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 115,9 млн. теңгені құрады;
- мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 8млрд. 838,7 млн. теңгені құрады.
Есепті жылы 52 076 га. ақ егіс және басқа да дақылдар егілді. (оның ішінде, күздік бидай – 3 892 га, жаздық арпа – 11799 га, дәндік жүгері - 1 855 га, сүрлемдік жүгері – 150 га, майлы дақылдар – 2 545 га, қант қызылшасы - 515 га, картоп - 304 га, көкөніс – 5 776 га, бақша өнімі - 709 га, көп жылдық шөп – 24 531 га(оның ішінде ағымдағы жылдың егілгені 1395 га).
Бүгінгі күнге 1 518 тонна бидай, 4 355 тонна жаздық арпа, 1029 тонна картоп, 3558 тонна көкөніс, 1990 тонна бақша, 166 627 тонна мал азығы жиналды. Әр гектардан түсім күздік бидай бойынша 7,4 центнерді, жаздық арпа 7,1 центнерді, 223,7 цн картоп, көкөніс 247,1 центнерді, бақша 276,4 центнерді құрады.
Ауыл шаруашылығы техникаларының 62 данасы алынды 488,4 млн. теңгеге (20трактор,1 комбайн,41басқа қосалқы техника).
Айшабибі ауылдық округке қарасты Ынтымақ, Майский, «Дорожник» саяжайы маңындағы Аса өзені арнасы жанынан су қорғау аймағын құру үшін, Аса ауылдық округ аумағындағы Аса өзені арнасы жанынан су қорғау аймағын құру үшін ЖСҚ-ы әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды (19,5млн.). Қазіргі таңда қаржыландыру бойынша бюджеттік өтінім берілді.
2025 жылы Айшабибі ауыл. «АЛИЗА» ЖШС-не жаңадан пайдалануға берілетін 7000 тонна көкөніс сақтау қоймасына электр желісі тартылуда (48,7 млн.) және газдандырылуда (8,7 млн.).
Тоғызтарау ауыл. (14 млн.) және Өрнек ауыл. (13,8 млн.) мал шомылдыруға арналған орын орнатылды (купка).
Аса ауылынан жеке кәсіпкер Қарабеков мал сою алаңын іске қосты. Жобаның құны – 500 млн. теңге. Қуаттылығы - күніне 200 бас ұсақ мал сою.
Мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында Ақбастау, Ерназар ауылдық округтерінде мал егу орны (раскол) және мал шомылдыруға арналған орнымен бірге ветеринарлық пункт (купка) құрылысы аяқталуда.
Жылыжайлар
Аудан бойынша барлығы 15 жылыжай тіркелген. Жалпы аумағы 1,9891 га. Бүгінге күнге жұмыс істеп тұрған жылыжайлар саны – 10. Жұмыс істеп тұрған аумағы – 0,5370 га. Жұмыс жасайтын жылыжайлардың 11,6 тонна қияр және 50,0 мың дана басқа дақылдар жиналып, нарықтық бағамен өткерілуде.
(Тараз қаласына 65 жылыжай өтті. Жалпы аумағы – 7,181 га.).
Қойма
Аудан аумағында сыйымдылығы 4 980 тоннаны құрайтын көкөніс және жеміс сақтайтын 8 қойма тіркелген. Ағымдағы жылдың өнімі жиналғаннан кейін сақталатын болады.
(Тараз қаласына 34 250 тонна тоннаны құрайтын 59 қойма өтті)
Жайылым жерді пайдалану
Жамбыл ауданының аумағы 419,8 мың гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлері 235,9 мың га (55,2 мың га егістік о.і. 28,4 мың га суармалы егістік, 26,7 мың га суарылмайтын егістік, 1,2 мың га көп жылдық екпелер, 7,7 мың га шабындық, 170,3мың га жайылымдық, 1,2 мың га бөгде жер). Елді мекеннің жері 34,9 мың га, өндірістік мақсаттағы жерлер 9,9 мың га, орман қорының жер 125,7 мың га, су қорының жері 1,2 мың га, босалқы жер 11,9 мың га.
2025 жылға жоспар 4000 га болып бекітілді. Бүгінгі күнге, 4108 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды (102%). (о.і. 257 га суармалы егістік, 74 га суарылмайтын егістік, 3688 га жайылымдық, 74 га шабындық, 15 га бөгде)
Қазіргі таңда, әкімдік тарапынан иесіз мүлікке тіркелген 1291,84 га жер учаскесін қайтару үшін жұмыстар жүргізілуде.
2022 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 3421,78 гектар, оның ішінде 713,38 га егістік (193,01 га суармалы егістік, 520,37 га суарылмайтын егістік) 12,6 га шабындық, 2695,8 гектар жайылымдық, жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
2023 жылға ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған жерлерді қайтару жоспары 11 000 гектар болып бекітіліп, жалпы көлемі 11 365 гектар жер учаскелері жер қорына алынды немесе 103% орындалды.
2024 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған жерлерді қайтару жоспары 5000,0 гектар болып бекітілген. Мемлекет меншігіне жалпы көлемі 5048 гектар (о.і. 634 га суармалы егістік, 311 га суарылмайтын егістік, 19 га шабындық, 4075 га жайылымдық, 9 га бөгде) жер учаскелері алынды немесе 101 % құрады.
(Слайд-7)
2025 жылы «Ауыл Аманаты» жобасының бесінші жеке кәсібін ашу бағыты бойынша 8 ауылдық округтен (Айшабибі, Ақбастау, Аса, Бесағаш, Ерназар, Жамбыл, Көлқайнар, Қызылқайнар) 39 жоба 280 млн 970 мың теңгеге қаржыландырылып, 48 жұмыс орны ашылды.
Ал, 2019-2024 жылдары «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 8 ауылдық округте іске асырылды (Бесағаш, Өрнек, Қаракемер, Айшабибі, Қарасу, Тоғызтарау, Аса, Жамбыл а/о). Осы жоба аясында 490 адам жұмыс орнымен қамтылды .
Осы ауылдық округтерден 1 235 жеке кәсіпкерлер 5,1 млрд теңгеге несие алды.
(Слайд-8)
Өнеркәсіп саласы
Ауданда 12 шағын өнеркәсіп нысандары жұмыс істеп тұр, (Амангелді мұнай өңдеу зауыты, Супер фарм – медициналық бұйымдар, Кнауф Гипс Тараз – гипс тасын өндіру).
(Тараз қаласына 3 өнеркәсіп нысаны өтті – «БиномСтройДеталь» ЖШС, «КазУпакТрейд» ЖШС, «Достық продукт» ЖШС)
Өнеркәсіп саласында 24 млрд. теңгенің өнімі өндірілді немесе нақты көлем индексі 101,0%-ды құрады.
- «Амангелді ГӨЗ» ЖШС-де 17 млрд 763,3 млн. теңгеге (88,1 мың тонна) мұнай өнімдері өңделді.
- «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС-де 473,5 млн. теңгеге (244,1мың тонна) гипс тасы өндірілді.
- «Суперфарм» ЖШС-де4 млрд 460,8 млн. теңгеге (50,5 млн дана) матадан жасалмайтын медициналық бұйымдар өндірілді.
- «Ерсад» ЖШС-де524 млн. теңгеге (287 мың дана) матадан жасалмайтын медициналық бұйымдар өндірілді.
(Слайд-9)
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 19 млрд. 885,7 млн. теңгені немесе 161,2%-ды құрады.
Оның ішінде жеке инвестиция көлемі 15 млрд. 931,3 млн. теңгені немесе 308,8%-ды құрады.
2025 жылы жалпы құны – 17,3 млрд. теңгені құрайтын 10 жобаны іске асыру жоспарлануда (Құрылатын жұмыс орындары – 116 адам).
Оның ішінде,
(Слайд-10)
І. Ауыл шаруашылығы саласы - 7 жоба – 7,7 млрд. теңге – 56 жаңа жұмыс орны.
(Осы жобаның инженерлік желілерін тартуға яғни электр желісін жүргізуге – 48,7 млн. теңге, газ құбырын тартуға -8,7 млн. теңге кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы шеңберінде аудандық бюджеттен қаржы бөлінді).
(Слайд-11)
ІІ. Туризм саласы - 2 жоба – 1,3 млрд. теңге – 60 жаңа жұмыс орны.
ІІІ. Жасыл экономика – 1 жоба.
Әулиекөл ауылы аумағында орналасқан «KEGOC» АҚ-ның 500кВ подстанциясын кеңейтуді жобасы ашылу жоспарлануда. Ағымдағы жылы осы инвестор есебінен ауданның негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 8,3 млрд. теңгені құрады.
2026 жылы 2 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда:
- Бірлесу-Еңбек ауыл. аумағынан «Кнауф-Гипс-Тараз» ЖШС гипсокартон және құрғақ қоспаларын өндіру зауытын кеңейтуді іске асыруды қолға алуда. Іске асыру мерзімі – 2026-2027ж.ж.Осы мақсатта 28,0 гектар жер телімі бөлінген. Жобаның құны – 14,5 млрд. теңге. Жобалық қуаты – жылына 22 млн. шаршы метр гипс және гипсокартон өндіру. 100 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Зауытты 2026 жылдың 4-ші тоқсанында іске қосу жоспарланған.
Зауыт құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын 2025 жылғы ІV-ші тоқсанда аяқтау көзделуде.
Инженерлік-инфрақұрылымдық желілерін тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде (электр желісі, газ құбыры).
- Айшабибі а/о Әулиекөл ауылы аумағынан «Juru» компаниясы 25 км. әуе электр желесін жүргізуді жоспарлауда. Жоба 2026 жылдың 1 тоқсанында басталып, 2027 жылдың басында аяқталады. Осы серіктестік Талас және Сарысу аудандарында желден қуат алатын электр қондырғыларын орнатқан. Әулиекөл ауылы аумағында орналасқан «Кегог» АҚ-ның 500кВ подстанциясына қосуды көздеуде.
Тараз қаласына жалпы жобалық құны 21,2 млрд. теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба өтті:
Шағын және орта бизнес
Ауданда 6 763 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Оның ішінде тұрақты жұмыс істеп тұрған 5 923 субъектіде, 10 408 адам жұмыс атқаруда. Онда 23,6 млрд теңгенің өнімі өндірілген.
(Тараз қаласына 1 930 белсенді шағын және орта бизнес субъектілері өтті)
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы шеңберінде 109 млн. теңгеге 4 жоба қаржыландырылып, 17 жұмыс орындары ашылды.
- Жамбыл а/о ЖК «Саурыкова Ж» сауда орталығының құрылысы (36,0 млн.);
- Гродеково а/о ЖК «Шелуханов Б» жүк көліктерін сатып алу (18,0 млн.);
- Гродеково а/о ЖК «Тохтахунов Б» мал ұстау алаңының құрылысы (40,0 млн.);
- Аса а/о ЖК «Жұмалиев Ж» автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу (15,0 млн.).
(Слайд-12)
Құрылыс
2025 жылдың қаңтар – маусым айларында құрылыс жұмыстары 5 млрд. 663 млн. теңгеге жүргізіліп, нақты көлем индексі 91,6%-ды құрады.
Аудан аумағында бюджет қаражаты есебінен 4,4 млрд. теңгеге 22 нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Оның республикалық бюджет есебінен (3 жоба) – 2,1 млрд. теңгеге, облыстық бюджет есебінен (9 жоба) – 779,9 млн. теңгеге, аудандық бюджет есебінен (10 жоба) – 825,9 млн. теңгеге. Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы арқылы (2 жоба) – 1,3 млрд. теңгеге.
Атап айтқанда, Қызылқайнар ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Шайдана, Бәйтерек ауыл. мектеп құрылысы аяқталды, 1 қыркүйекте пайдалануға беріледі.
Жаңаөткел ауыл. ауыз су құбырының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
(Слайд-13)
Бектөбе, Қызылшарық, Өрнек-Жұма ауыл. ауыз су құбыры, Тоғызтарау, Жаңаөткел, Құмсуат, Сеңгірбай ауыл. ауыл ішілік және Сеңгірбай ауыл. магистральді газ құбырын тарту, Аса ауыл. Орталық кітапхана, Орталық архив, жасөспірімдерге арналған үйірмелер жүргізу орталығының құрылысы аяқталуда.
Бұдан бөлек, Қостөбе ауыл. мектеп (1,4 млрд), Тастөбе (481 млн.) ауыл. спорт кешені құрылысы мен Бесағаш (644 млн.) және Ш.Ниязбеков (541 млн.) ауыл. мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде.
(Слайд-14)
Тұрғын үй
Пайдалануға берілген жеке меншік тұрғын үй көлемі 23 881 шаршы метрді немесе 133,1%-ды құрады.
Ауданда тұрғын үй кезегіне 1 767 адам тіркелген.
О.і. жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған - 121 бала, әлеуметтік әлсіз топтағы –620 адам, көп балалы отбасы –699, мемлекеттік қызметшілер - 327.
(Слайд-15)
Бұдан бөлек, республикалық бюджеттен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін аудан орталығы Аса ауыл. 40 отбасыға үйлер сатып алынды (621,5 млн.).
2025 жылы осы бағытқа 595,4 млн. теңге бөлініп отыр (РБ 228 млн. теңге, аудандық бюджеттен 367,4 млн. теңге).
Жер кезегі
Ауданда жер телімін алуға –11 918 адам кезекте тұр.
7 елді мекеннің жаңа тұрғын үй алқабына электр желісін, су, газ тарту, қиыршық тас төсемін төсеу жұмыстары жүргізіліп, кезектілікке сәйкес барлығы 1721 жер учаскесі берілді (Бірлесу Еңбек – 130, Тастөбе-79, Бесжылдық – 97, Айшабибі – 382, Қызылқайнар – 222, Аса - 811).
Гродиково ауыл. жаңадан салынатын тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту үшін (тастақ жол, газ тарту, ауыз су жүргізу, электр жарығын жүргізуге) ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы күтілуде. Жоба іске асқанда 438 жер учаскесі берілетін болады.
(Слайд-16)
Ауыз су
Аудандағы 31 елді мекеннің 30-да орталықтандырылған ауыз сумен (96,7%) немесе жалпы тұрғындардың 99,4%-ы (51 114 адамы) ауыз сумен қамтылған.
2024 жылдан өтпелі жобалардан Жаңаөткел ауылы ауыз су жүйесі пайдалануға берілді.
Өрнек – Жұма, ауыл. ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Аталған жоба іске асқан жағдайда 2025 жылы қамтылу көрсеткіші 100%-ға жетеді.
Сондай - ақ, Аса және Айшабибі ауыл. халық санының өсуіне және жаңа тұрғын үй алқаптарының қосылуына байланысты ауыз су тапшылығын болдырмау мақсатында екінші көтергіш сорғы станциясының құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның жалпы құны – 1 млрд. 293,5 млн. теңге (Аса – 803,5 млн., Айшабибі – 490,0 млн.). Облыстық бюджеттен қаржыландыру үшін тиісті бюджеттік өтінім тапсырылды.
(Слайд-17)
Газдандыру
Аудан бойынша 31 елді мекеннің 27-і табиғи газ жүйесімен қамтылғаны 87,1%-ды құрайды.
Тоғызтарау, Жаңа Өткел, Құмсуат елді мекендерінің магистралды газбен қамту жобасы аяқталды (439 млн.).
Тоғызтарау, Жаңа Өткел, Құмсуат, Сеңгірбай елді мекендерінің ауыл ішілік газбен қамту және Сеңгірбай ауылына дейін магистралды газ құбыры құрылыс жұмыстары аяқталуда (364,5 млн.).
Осы аталған 4 елді мекен табиғи газға қосылған жағдайда қамтылу көрсеткіші 100% болады.
(Слайд-18)
Жолдар
Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 332,2 шақырым. (о.і. республикалық маңызы бар –58 шқ., облыстық маңызы бар – 103,2 шқ., аудандық маңызы бар (33 бірлік) – 171,0 шқ.).
2025 жылға аудандық маңызы бар жолдарға орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде (5 жоба - құны – 584,5 млн. теңге – 22,1 шқ.).
Олар,
- «Алмалы Ресорт» туристік нысана кіреберіс жолы – 214 203 мың теңге (7,0 шқ)
- «Таскөл» туристік нысанына кіреберіс жолы – 121 108 мың теңге (2,80 км).
- «Қызылқайнар ауыл. кіреберіс жолы» - 17 214 мың теңге (0,8 км);
- «Қапал ауыл. кіреберіс жолы» - 19 026 мың теңге (1 км);
- «Айшабибі-Қаратау бөлімшесі» жолы – 213 009 мың теңге (10,5 км).
Аудандық елді мекендерге
қоғамдық көлік жүргізу
2025 жылға ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға 7 бағытқа - 236,8 млн. теңге бөлінді.
Қаратау – Айшабибі – Аса (400 теңге);
Қаракемер – Құмтиын – Аса (150 теңге);
Ш. Ниязбеков – Қапал –Шайқорық –Танта – Аса (250 теңге);
Ерназар –Өрнек –Жұма – Аса (200 теңге);
Шоқай – Бірлесу Еңбек – Аса (150 теңге);
Сеңгірбай – Шайдана – Ащыбұлақ – Тастөбе – Еңбек – Рахат – Аса (180 теңге);
Жаңа Өткел – Тоғызтарау – Құмсуат – Өрнек – Аса (200 теңге).
Ауыл ішілік жол жөндеу
Ауданға қарасты 13 ауылдық округтегі 31 елді мекенде 322,2 шқ. құрайтын 379 көшемен бұрылыстар бар (о.і. көшелер – 280 бірлік –285,567 шқ., бұрылыстар - 99 бірлік – 36,63 шқ).
2025 жылы ауылішілік жолдарды жөндеу бойынша 627,1 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 15,2 шақырымды құрайтын 15 жоба іске асырылуда (14 көше, 5 бұрылыс).
Оның ішінде, аудандық бюджет есебінен 6 жоба – 68,5 млн. теңгеге, «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен 9 жоба –558,6 млн. теңгеге.
(Слайд-19)
Электрмен қамту
2025 жылы 12 елді мекеннің 34 көшесіне жарықтандыру орнатылды (Рахат–3 көше, Айшабибі– 5 көше, Бірлесу-Еңбек - 1 көше, Бесағаш - 7 көше, Гродеково 2 көше, Қоңыртөбе - 1 көше, Құмтиын- 2 көше, Тастөбе – 5 көше, Ащыбұлақ-3 көше, Ерназар-2көше, Тоғызтарау-2 көше, Жанаөткел – 1 көше, Шайдана-1 көше. Жалпы бөлінгені – 174,6 млн.).
1 елді мекеннің 3 көшесінің ескі бағаналары мен желілері ауыстырылды (Қызылқайнар ауыл - 3 көше) 1 елді мекеннің трансформаторы алынды (Тастөбе ауыл) Жалпы бөлінгені – 29,1 млн.).
Ауыл ішілік көше шамдары істен шыққан жағдайда қалпына келтіру шығындарына да қаржы бөлінген (35,5 млн.).
Аудан бойынша жалпы 263 көшенің 158 жарықтандырылған (60%).
Аудандық электр жүйесінің мәліметіне сәйкес,2024 жылы Ш.Ниязбеков елді мекенінің толық әуе желілері, қосалқы станциялары жаңартылды. Яғни 4 дана қуаттылығы 250кВ қосалқы станциясы жалпы ұзындығы 11,225 шқ СИП сымы ауыстырылды. Темір бетон бағаналары толық жаңадан - 173 дана СВ-95 ауыстырылды және үйлерге жалпы 304 дана ДТЗ карталық электронды заманауи есептеуіш құралы қойылды.
Аудан бойынша ағымдағы жылы күрделі және ағымды жөндеу бойынша Айшабибі елді мекенін 5 Қ/С толық күрделі жөндеуден өткізіліп, тал дарақтарын шауып, желілерді тазарту жұмыстары жүргізілді.
Тастөбе елді мекенінің 0,4 желілері және Қ/С ларын ағымды жөндеуден өткізілді.
Аса ауылы Төле би көшесіндегі №34 қосалқы станциясына толық жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2025 жылы Ерназар ауылы -3 қосалқы станция, Аса ауылы 2 қосалқы станция, Қапал ауылында 1 қосалқы станция, Жамбыл 1 қосалқы станция ауыстырылады. Жоспар бойынша тозығы жеткен бағаналарды, темір бетон бағанасына сымдарын СИП сымына ауыстыру жұмыстары жүргізілуде, жыл аяғына дейін толық аяқталады.
Сонымен қатар темір бетон бағана СВ-105 - 32 дана, СВ-95-611 дана бағана ауыстырылады, СИП 4*50 23515 м сымы ауыстырылады, қосалқы станция 250 10/0,4 кв - 7 дана ауыстырылады. Бүгінгі таңда 270 дана темір бетон бағана 1700м СИП сымы Ерназар елді мекенінде ауыстырылды. Жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
2026 жылы инвест бағдарлама бойынша Өрнек, Аса, Ерназар, ауылдық округтеріндегі жоспар бойынша тозығы жеткен бағаналарды темір бетон бағанасына сымдарын СИП сымына ауыстыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
(Слайд-20)
Ауыл ел бесігі
«Ауыл ел бесігі» жобасы шеңберінде 2025 жылы 782,2 млн. теңгеге 12 жоба іске асырылуда. Оның ішінде:
-Тастөбе ауыл. спорт кешенінің құрылысы (132 млн. теңге);
- Қызылқайнар ауыл. мәдениет үйінің құрылысы (16,7 млн. теңге);
- Бесағаш ауылынан мәдениет үйінің құрылысына - 75 млн. теңге).
Сонымен қатар, ауылішілік көше жолдарын жөндеу бойынша 558,5 млн. теңгеге 8 ауылдық округте 9 жоба іске асырылуда.
(Слайд-21)
Әлеуметтік сала
«2024-2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы" аясында азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартуға 4 254 адамды қамту жоспарланып, нақты – 2 485 адам қамтылды. Жоспар 58,4%-ға орындалды.
(Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына –918, жеке бастамалар - 54, ақылы қоғамдық жұмыс орны – 757, әлеуметтік жұмыс орны – 70, жастар практикасы -60, күміс жас – 97, алғашқы жұмыс орындары - 7, электронды еңбек биржасы – 238, жұмыс орындарында жұмыссыздарды оқыту – 20, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту -60, инфрақұрылымдық жоба – 17, мемлекеттік грант – 45, мүгедектегі бар адамдарды жұмысқа орналастыру -1, бастау бизнес жобасы – 141 адам орналасты).
(Слайд-22)
Білім саласы
Аудандағы 30 жалпы орта білім беру мектептерінің 25-і типтік, 5-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. О.і. (22 орта, 7 бастауыш, 1 негізгі мектеп) 579 сынып комплектісінде 10 575 балаға 1 638 ұстаз білім беруде. Сонымен қатар, мектепалды дайындық бойынша 47 сынып комплектісінде 667 бала білім алуда.
Қосымша 2 жекеменшік мектеп қызмет атқарады. (Asa Elite school, Мөлдір).
Сонымен қатар 2 қосымша білім беру мекемелері (М.Төлебаев атындағы балалар өнер мектебі, Техникалық шығармашылығы және кәсіби бағдар беру орталығы) және 1 Педагогикалық – психологиялық түзету кабинеті жұмыс жасайды.
(Тараз қаласына 8 білім беру мекемесі өтті: 7 орта, 1 бастауыш)
2025 жылға Бәйтерек ауыл.100 орындық, Шайдана ауыл. 150 орындық мектеп құрылысы аяқталды, 1 қыркүйекте пайдалануға беріледі.
Қостөбе ауылының 100 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде.
2024 жылы облыстық бюджеттен 7 білім беру мекемелерін (№2, Абай, Төле би, Б.Кейкиев, Еңбек, Ә.Тарази және «Балдырған» балабақшасы) ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан өткізілді. Жол картасына сәйкес 2026 жылға күрделі жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім тапсырылды.
2026 жылға Төле би, Тарази, Абай және №2 орта мектептер күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.
2025 жылы аудан орталығындағы үш мектепке футбол алаңын орнатуға 48 млн. теңге, Айша бибі, Т.Тоқтаров, №1 орта мектеп ауласын абаттандыруға 25 млн.теңге бөлінді.
Білім нысандарын газдандыру бойынша 2024-2025 жылдарға арналған жол картасына сәйкес, аудандағы 2 білім беру мекемесіне (Енбек, Т.Рысқұлов о/м) газ жүргізу үшін 22,5 млн.теңге бөлінді.
2025 жылға облыстық бюджеттен 6,2 млн. теңгеге К.Сартбаев, Т.Рысқұлов о/м жылу құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге 66,7 млн. теңгеге қаражат бөлінді, жөндеу жұмыстары басталды. Оның ішінде: ғимаратты ағымды жөндеуге 10,9 млн. теңге, қоршауды ағымды жөндеуге 9,4 млн. теңге, ауланы абаттандыруға 8,4 млн. теңге, бейнебақылау камерасын орнатуға 7,3 млн. теңге, өртке қарсы дабыл және электір жүйесін жөндеуге 9,7 млн. теңге, ғимараттың еденін жөндеуге 7,5 млн. теңге,ғимараттың ішін әрлеуге (отделка) 8,3 млн. теңге, жылу ауыз су, кәріз жүйесін ағымды жөндеуге 5 млн. теңге.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Жамбыл облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» КММ-нің Аса ауылындағы филиалы үшін ескі ғимаратты бұзуға және жаңасын салуға ЖСҚ әзірлеу үшін бюджеттік өтінім тапсырылған (17,7 млн.). Бүгінгі күнге қолдау таппады.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласында 29 мекеме бар оның 19-ы ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. О.і. 1 – орталық аурухана,1 – орталық емхана, 1 – “Айшабибі” шипажайы,9– ДА, 11- МП, 6 – ФАП. Осы мекемелерде 76 дәрігерлер, 310 орта буындағы, 105 кіші буындағы қызметкерлер жұмыс атқарады.
Аудандық аурухананы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ дайындалып, сараптамадан өткізілді. Жобалық құны – 2,6 млрд. теңге (24.09.2024 ж).
(Тараз қаласына 7 мекеме өтті: 1 ауылдық емхана, 5 ДА, 1 МП)
(Слайд-23)
Мәдениет саласы
Аудан бойынша 1 аудандық мәдениет үйі, 4 ауылдық мәдениет үйі, 10 ауылдық клуб, 22 кітапхана, 1 музей бар.
(Тараз қаласына 2 мәдениет үйі, 3 ауылдық клуб, 7 кітапхана өтті)
Ағымдағы «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Қызылқайнар ауылында 180 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, пайдануға берілді (281,2 млн.). Аса ауыл. орталық кітапхана, архив және жасөспірімдерге арналған үйірмелер жүргізу орталығының құрылысы аяқталуда.
Қаракемер ауыл. кітапхана ғимаратына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде (15,7 млн.).
Бірлесу – Еңбек ауылы мәдениет үйінің құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы күтілуде (8 млн.).
(Слайд-24)
Спорт саласы
Ауданда жалпы 146 спорт нысандары бар (6 - спорт кешені, 1 – стадион, 18 - үлкен футбол алаңы, 40 - шағын футбол алаңы, 18 волейбол алаңшасы, 16 - баскетбол алаңшасы, 4 – әмбебап алаңшасы, 1 – тенис корты, 10 - “Street workout” балалар ойын алаңшалары бар).
(Тараз қаласына 32 нысан өтті (1 спорт кешені, 2 үлкен футбол алаңы, 24 шағын футбол алаңы, 2 волейбол алаңшасы, 1 ипподром, 2 “Street workout”).
2025 жылы Айшабибі ауыл. шағын футбол алаңшасының жасанды төсемі ауыстырылды (6,2 млн.).
Аса ауыл. Ғ. Мұратбаев көш., Бірлесу-Еңбек және Қаратау ауыл.балалар ойын алаңы орнатылды (23,7 млн.).
Аса ауыл. кіре берісіне футбол, волейбол, баскетбол алаңшалары орнатылуда (100,0 млн.). Әулиекөл ауыл. шағын футбол алаңы орнатылды(21,8 млн.). Жаңаөткел ауыл. шағын футбол алаңшасының қоршауына қосымша қоршау орнатылды (7,2 млн.).
Тастөбе (481 млн.) ауыл спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.Ал, Қызылқайнар (703,5 млн.) ауыл. спорт кешені құрылысын жүргізу үшін тиісті жобалық құжаттары әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды.
Алдағы жылдары Ерназар, Тоғызтарау, Бірлесу-Еңбек, Ащыбұлақ, Шайдана, Ш.Ниязбеков, Шоқай ауыл. ангарлық үлгідегі спорт кешендерін орнату спорт басқармасымен бірге жоспарға енгізілуде.
(Слайд-25)
Жастар саясаты
Аудан халқының 33,7% немесе 17 493 жастарды құрайды (14 - 35 жас аралығы). 428 НЕЕТ санатындағы жастар тіркелген.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына бүгінгі күнге 830 жас тартылды. (Тұрақты жұмысқа 392, әлеуметтік жұмыс орнына 19, ақылы қоғамдық жұмыстарға 179 жас, жастар практикасы бағдарламасымен 60, алғашқы жұмыс орны бағдарламасына 22, жұмыс орындарында жұмыссыздарды оқытуға 5, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 28 жас, электронды еңбек биржасы арқылы онлайн оқуды 66, мемлекеттік грант 12 жас, бастау бизнес жобасын 47 жас оқыды). 577 жұмыссыз жас тіркелген.
102 жас бастау бизнес жобасымен оқытылды, 100 жас «Жасыл ел» жасақтары қатарына алынды.
Волонтерлық бағытта 347 іс-шара өткізіліп, оларға 5394 жас волонтер ат салысқан.
2025 жылы «Сән салоны», «Кітап ал кітап сыйла», «Шағын кинотеатр», «АуылBAY», «Мерген – дәстүрлі садақ ату», «Қараоке кеші» , "Кофе тайм " жобалары және әлеуметтік желіде «Жастарға кеңес» рубрикасы жүргізілу жоспарлануда. Сонымен қатар, көмекке мұқтаж жастарға және ерекше балалар тәрбиелеп отырған жастардың ата-аналарымен жұмыс жасауға психологиялық кабинет өз жұмысын бастауда.
(Слайд-26)
Қоғамдық тәртіп
Жалпы ауданда 31 елді мекеннің кіре және шыға берісіне 134 бейне бақылау камералары орнатылған.
2025 жылы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге(38,2 млн.)және автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге (87,0 млн.) барлығы 125,2 млн. теңге бөлінді.
2024 жылы Аса ауыл. аудандық полицияжәне аудандық полиция бөлімі ғимаратында орналасқан Жедел басқару орталығы (ЦОУ) бөлмесіне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай ақ, Жедел басқару орталығына (ЦОУ) бөлмесіне 6 дана LED теледидарлары сатып алынды.