Әкімдік мәжілісі өтті

Әкімдік мәжілісі өтті

Аудан әкімдігінде 2025 жылдың 6 айында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы бойынша алқа мәжілісі өтті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Несіпбековтің төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісіне аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев және аудан активі қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Салтанат Жолдасова баяндама жасап, көрсеткіштерге тоқталып өтті.

Баяндамашының айтуынша, 2025 жылдың қаңтар - маусым айларында өнеркәсіп саласында 26,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты индекс көлемі 103,8%-ды құрады (2024ж.  – 22,3 млрд.).

Өнеркәсіп саласының ішіндегі өңдеу өнеркәсібінің көлемі     23,9 млрд. теңгені немесе 104,0 %-ды құрады (2024 ж – 45,1 млрд.).

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 19,7 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 272,3%-ды құрады. (2024 ж. – 11,9 млрд.).

Оның ішінде жеке инвестиция көлемі 16 млрд. 726 млн. теңгені немесе 249,2%-ды құрады.

Сонымен қатар, өндеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция 14%-ға, тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция 70%-ға, ауыл, орман және балық шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 38,6%-ға артық орындалды.

Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өндірілген өнім көлемі 9,1 млрд. теңгені құрады.

2025 жылдың қаңтар-маусым айларында көлемі 5,6 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нақты көлем индексі 92,1%-ды құрады. Жалпы алаңы 23 881 шаршы метрді құрайтын жеке тұрғын үй қабылданып, тиісті кезеңімен салыстырғанда 133,1%-ға орындалды (2024 ж.– 17 946 шаршы метр.).

Жыл соңына дейін Өрнек-Жұма ауыл. ауыз су құбыры, Аса ауыл. Орталық кітапхана, Орталық архив, жасөспірімдерге арналған үйірмелер жүргізу орталығы, Тоғызтарау, Жаңаөткел, Құмсуат, Сеңгірбай ауыл. ауыл ішілік және Сеңгірбай ауыл. магистральді газ құбырын тарту жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқтау, сондай-ақ, барлық бюджеттік бадарлама әкімшілері елді мекенде ел игілігі үшін пайдаланатын нысандарды орнатуға, жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдаланып, жұмыстардың сапасына баса назар аударып, мерзімінде қабылдап алу жұмыстарын ұйымдастыру қажет.

2025 жылдың қаңтар-маусым айларында бөлшек сауда тауар айналымы 9,4 млрд. теңгеге немесе нақты көлем индексі 127,1%-ды құраса, көтерме сауда айналымының көлемі 10,4 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 216,7%-ды құрады.(2024 ж.– 6,4 млрд.).

2025 жылға ауданның таза өзіндік кірістері 5,4 млрд. теңгеге жоспарланды. Есепті жылдың 6 айында нақты 3 млрд. теңгеге орындалды.

Аудан бойынша автомобиль жолдарын 1,2 млрд. теңгеге жөндеу және қалыпты жағдайда ұстап тұру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде:

- аудандық мәндегі 22,1 шқ. жол жөнделуде («Алмалы Ресорт», «Таскөл» туристік нысаналардың кіреберіс жолы, Қызылқайнар, Қапал ауылдарының кіреберіс жолы, «Айшабибі-Қаратау бөлімшесінің» жолы584,5 млн.)

2025 жылы ауылішілік жолдарды жөндеу бойынша 627,1 млн.теңгеге жалпы ұзындығы 15,2 шақырымды құрайтын 15 жоба іске асырылуда (14 көше, 5 бұрылыс).

Оның ішінде, аудандық бюджет есебінен 6 жоба – 68,5 млн. теңгеге, «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен 9 жоба – 558,6 млн. теңгеге.

2025 жылы жөнделетін аудандық маңызы бар және ауыл ішілік жолдарды жөндеу жұмыстарының сапалы болуын және мерзімінде аяқталуын тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшілері басты назарда ұстап, қатаң бақылауға алу қажет.

Бұдан бөлек келесі жылдың бюджетіне енгізуге ұсынылатын ауыл ішілік жолдарды жөндеу бойынша сметалық құжаттамалары мен мемлекеттік сараптамаларын мерзімінде әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру қажет.

Аудандағы 31 елді мекеннің 30-да орталықтандырылған ауыз сумен (96,7%) немесе жалпы тұрғындардың 99,4%-ы (51 114 адамы) ауыз сумен қамтылған.

Жаңаөткел ауыл. ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Өрнек – Жұма, ауыл. ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін аталған нысан пайдалануға берілсе, қамту деңгейі 100%-ға жетеді.

Аудандағы 31 елді мекеннің 27-і немесе 87,1%-ы табиғи газ жүйесімен қамтылған. Тоғызтарау, Жаңа Өткел, Құмсуат елді мекендерінің  магистралды газбен  қамту жобасы аяқталды (439 млн.).

Тоғызтарау, Жаңа Өткел, Құмсуат, Сеңгірбай елді мекендерінің  ауыл ішілік газбен қамту және Сеңгірбай ауылына дейін магистралды газ құбыры құрылыс жұмыстары аяқталуда (364,5 млн.). Аталған жобалар пайдалануға берілсе, қамту деңгейі 100%-ға жетеді.

Ауданда жер телімін алуға 11 918 адам кезекте тұр.

7 елді мекеннің жаңа тұрғын үй алқабына электр желісін, су, газ тарту, қиыршық тас төсемін төсеу  жұмыстары жүргізіліп, кезектілікке сәйкес барлығы 1 721 жер учаскесі берілді (Бірлесу Еңбек – 130, Тастөбе-79, Бесжылдық – 97, Айшабибі – 382, Қызылқайнар – 222, Аса - 811).Бүгінгі таңда 418-і немесе жоспардың 24,2%-ы ғана басталған. Сондай-ақ, ауылдық округ әкімдері тарапынан жалпы берілген жер телімдерінің (1721) 1 432 немесе 83,2% ауылдық округ әкімінің шешімі шыққан.

Бүгінгі күнге 266 жер телімінің мерзімі өткендігі анықталды.

Осы жерде кезектілікпен жер алған тұрғындардың үй соғуға  деген құлқының төмендігін және ауылдық округ әкімдіктері тарапынан жер телім иелерімен жұмыс жүргізіп, құрылыс жұмыстары жүргізілмеген жер телімдерінің мерзімдері өткендерін кері қайтарып, келесі кезектегі азаматтарға беру жұмыстарын ұйымдастыру қажет.

Сонымен қатар, жаңа тұрғын үй алқаптарындағы электр желілерінің, ауыз су құдығы қақпақтарының ұрлану фактілері орын алуда. Ал, бұл өз кезегінде аудандық бюджетке қосымша салмақ түсіреді. Осыған байланысты, ауылдық округ әкімдері ауылдық учаскелік полиция инспекторымен бірге осы бағытта алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру қажет.

Әлеуметтік сала. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба арқылы барлығы                  4 254 адамды қамту жоспарланып, а.ж. қаңтар-маусымында нақты 2 485 адам жұмысқа орналасты. Жұмыспен қамтылу деңгейі 58,4%-ы құрап отыр.

«Ауыл ел бесігі» жобасы шеңберінде 2025 жылы 782,2 млн. теңгеге 12 жоба іске асырылуда.

Бүгінгі күнге, Қызылқайнар  мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді  (16,7 млн. теңге).

Бұдан бөлек, Тастөбе ауыл. спорт кешенінің (132 млн. теңге) және Бесағаш ауыл. мәдениет үйінің құрылысы (75 млн. теңге) басталды.

Сонымен қатар, ауылішілік көше жолдарын жөндеу бойынша 558,5 млн. теңгеге 8 ауылдық округте 9 жоба іске асырылуда.

 

Әкімдік мәжілісінде Нұрлан Күдербайұлы бектілген индекаторлық көрсеткіштердің толық орындалуы бойынша тиісті басшыларға тапсырмалар беріп, хаттамаға бірқатар мәселе енгізілді