Cкрининг және ұлттық ауылшаруашылығы санағына дайындық

Cкрининг және ұлттық ауылшаруашылығы санағына дайындық

2025 жылғы 28 шілдеде аудан әкімдігінде ауыл шаруашылығы саласындағы скрининг негізінде талдамалық ақпарат ұсыну және алдағы ұлттық ауылшаруашылығы санағына дайындық барысы бойынша кеңес өтті.

Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы кооперативтерін және аумақтарды дамыту, микроқаржыландыру бөлімінің басшысы Дулат Оспанов, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бауыржан Тоқтасынов, аудандық статистика басқармасының басшысы Айдар Қабатаев, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сонымен қатар, жиынға "ҚазАгроҚаржы" АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Сейтбеков Нұрғали Енсебекұлы арнайы шақырылды.

Кеңес барысында күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты қаралып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді. Ауыл шаруашылығы саласындағы скрининг деректерінің сапасын арттыру, санақ жұмыстарының тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз ету және салааралық үйлестіруді күшейту мәселелеріне баса назар аударылды.