Aудан аумағында төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылды пысықтауға бағытталған «ЖЕР-2025» республикалық кешендік оқу-жаттығуы ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығудың басты мақсаты — төтенше жағдай кезінде тұрғын үй секторынан халықты дер кезінде және қауіпсіз эвакуациялау іс-шараларын үйлестіру. Іс-шараға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, өрт сөндіру қызметі, медицина қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер қатысты.
Сонымен қатар, оқу барысында шартты жер сілкінісінен кейінгі тұрғындарды эвакуациялау, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету және қауіпсіз аумаққа көшіру әдістері пысықталды.