Жамбыл ауданының әкімі Ақбастау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Жамбыл ауданының әкімі Ақбастау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Бүгін Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Ақбастау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынға аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, аудан прокуратурасынан келген Қилыбаев Ұлан Жақсылықұлы және тиісті мекемелердің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Өз сөзінде әкім Дүнгеновка ауылының қала құрамына енуімен Бірлесу-Еңбек ауылының жер аумағы кеңейгенін атап өтті.

Сонымен қатар, округте жаңа зауыт салынатынын хабарлады. Бұл жоба үшін арнайы жер телімі бөлінген, биыл инвестиция тарту жұмыстары жүргізіледі, ал келесі жылы құрылыс жұмыстары басталады деп жоспарлануда. Аталған зауыт іске қосылғанда 100 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ Ерлан Қыдыралыұлы ауылда жаңа мәдениет үйінің құрылысын жоспарлап отыр, ал ескі ауылдық клуб ғимараты кітапхана ретінде қайта жабдықталатынын айтты. Бұл өзгерістер ауылдың мәдени дамуына оң серпін бермек.

Жиын барысында егіншілікпен айналысатын тұрғындар су тапшылығы мәселесін көтерді. Аудан әкімі бұл мәселені назардан тыс қалдырмай, жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Кездесу соңында Ерлан Қыдыралыұлы тұрғындарға белсенділігі үшін алғыс айтып, ауылды дамытуда бірлік пен ынтымақтың маңыздылығына тоқталды.