Аудан әкімдігінде тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу мақсатында азаматтарды жеке қабылдау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Жамбыл ауданының әкімі ауыл тұрғындарын жеке қабылдап, елді мекендердегі ауыз су, газ, жер телімдері және тұрғын үй кезегі бойынша бірқатар мәселелерді қарады.
Қабылдау барысында төмендегідей мәселелер көтерілді:
Құмтиын ауылының тұрғындары Н.Ботабаев пен Г.Садыркулова ауыз су мен газ желісінің болмауына шағымданды. Ауыз су бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалған, жұмыстар 2025 жылы басталады. Газ мәселесі «ҚазТрансГаз» АҚ құзырында.
А.Исмайлова (Айша бибі ауылы) жер телімін ауыстыруды сұрады. 2022 жылы жер телімі берілген. Қосымша жер сұралған аумақта жер беру жоспарда жоқ.
Т.Джапаров (Бірлесу-Еңбек ауылы) көршілес екі жер телімін шаруашылығына қосуды сұрады. Жер телімдері жеке меншік болғандықтан, сұраныс қанағаттандырылмады.
А.Омаров (Тастөбе ауылы) бұрын қайтарылған жайылымдық жерлер мен кооператив үлесіне қатысты шағым түсірді. Жер телімі мемлекеттік қорға қайтарылған, кооперативте үлесі жоқ.
А.Баева (Шу ауданы) Жамбыл ауданында жетім бала ретінде тұрғын үй кезегіне тіркелген. 2019 жылдан бастап №65 кезекте тұр.
М.Джамбаев (Аса ауылы) тұрғын үй мәселесін көтерді. Қаралуда.
Р. Бакирбекова (Айша бибі ауылы) бақша үшін жер сұрады. Бас жоспарға сәйкес сұралған аумақтан жер берілмейді.
Әкімдік әр тұрғынның өтінішіне жеке назар аударып, заң аясында тиісті шешімдер қабылдап келеді. Аудан әкімі қабылдаулар барысында тұрғындардың мәселелерін тыңдап, олардың шешілу жолдарын жауапты бөлімдермен бірлесе қарастыруда.