Бүгін аудан әкімдігінде аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы ветеринария және су шаруашылығы саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға шынайы алғысын білдірді.
- “Ел экономикасының іргетасы – ауыл шаруашылығы. Ал оның негізі — жерге жанашыр, халыққа адал қызмет етіп жүрген сіздердей мамандар. Ветеринарлар – халық денсаулығының қорғаны, су шаруашылығы саласының қызметкерлері – тіршілік көзін тиімді басқарушылар. Еңбектеріңіз әрдайым елене берсін!” – деді Ерлан Қыдыралыұлы.
Кездесу барысында сала үздіктеріне Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етілді. Бұл – олардың көп жылғы адал еңбектеріне көрсетілген лайықты құрмет.