Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Бәйтерек ауылының тұрғыны Әскербек Шоқаевты қабылдап, инвестициялық жобасына назар аударды.
Инвестор ауылдан заманауи үлгідегі спорт кешенін және 100 орынды жатақхана салуды көздеп отырғанын, қолайлы жер телімі қажет екенін алға тартты.
Аудан басшысы ауыл азаматының бастамасын қолдайтынын, әкімдік тарапынан барлық көмек көрсетілетінін атап өтіп, тиісті бөлім басшылары мен Айшабибі ауылдық округінің әкіміне мерзімді тапсырма берді.