Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Ақбастау ауылдық округіндегі "Қошан" және "Мейірман" каналдары арқылы шаруаларға ағын суды жеткізу мәселесі бойынша шаруалармен жолықты.
Шаруалар бастапқы су қоймасындағы шлөзді (бекітпе) қайта қалыпқа келтіру және бау-бақшаға су жеткізу бойынша ұсыныс-пікірлерін айтты.
Сондай-ақ аудан басшысы Көлқайнар және Қарасу ауылдық округтерінің шаруашылықтарына баратын Ташарық, Ташарық-1 , Кейікі каналдарының жағдайы зерделеді