
Ерлан Қыдыралыұлы Аса,Рахат, Гродеково ауылдарындағы егістік алқаптарын аралап, шаруалармен жолықты.
Аудан басшысы аялдаған тұс – Сатжан Отарқосовтың 12 гектар күздік бидайы.
Шаруашылық алқабының судан таршылық көрмегенін, ақ егістен мол өнім алатынына сенімді. Өйткені тек егіп қана қоймай, жаңа технологиялар арқылы еселеп өнім алуға ниетті екенін айтады.
Аудан басшысы шаруа ісіне сәттілік тіледі.
– Еккен өнімім көтерілмей қалды, өнім аз дейтін кез бұрынғының еншісінде қалды. Қазір шаруалар жаңа технологиялар арқылы мол өнім алудың жолдарын қолданып келеді. Оны осы шаруашылық бидайының шығымынан-ақ аңғаруға болады. Істеріңізге сәттілік, – деді аудан басшысы
Сондай-ақ аудан әкімі Гродиково ауылдық округіне қарасты «Рыбалко» астық жинау жұмыстарының барысымен танысты. Шаруашылық 20 гектарға күздік бидай, 280 гектарға арпа егіп, өнімін жинауда