Мәжіліс депутаты жұмыс сапарымен келді

Мәжіліс депутаты жұмыс сапарымен келді
 “AMANAT” партиясының Жамбыл аудандық филиалының мәжіліс залында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров азаматтарды жеке қабылдады.
 
Жиынға келген тұрғындар негізінен денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік инфрақұрылым салаларына қатысты мәселелерді көтерді. Айта кететін болсақ, Аманкүл Орынтаева аудандық орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілу мерзімін сұрады. Бұл жөнінде тұрғынға 2023 жылы жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өту барысында бірқатар түзетулер енгізілгені, нәтижесінде 2024 жылдың қыркүйек айында оң қорытынды алынғаны түсіндірілді. Қазіргі таңда тиісті құжаттар облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсынылып, қаржыландыру күтілуде, деді - депутат Мұқаш Ескендіров.
Сонымен қатар, Қонысбай Жақсылықов, Ш.Ниязбеков ауылының тұрғыны, Қапал ауылындағы оқушылардың мектепке тасымалдануы мәселесін қозғады. Бұл бағытта нақты шаралар қабылданып, 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап 25 орындық мектеп автобусы қызмет көрсететін болады.
Қабылдау барысында барлық өтініштер мен ұсыныстар тіркеліп, бірқатары жергілікті деңгейде шешімін тапса, кейбір мәселелер орталық атқарушы органдарға жолданатын болды. Депутат тұрғындардың көтерген проблемаларына бейжай қарамай, әрқайсысына нақты жауап беріп, бақылауға алатынын жеткізді.
Парламент мәжілісінің депутаты сонымен қатар “Амангелді мұнай өңдеу” зауытымен бірқатар нысандарға барды.