Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті (әрі қарай-Департамент),Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №597 бұйрығымен бекітілген тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесіне сәйкес, Департамент тұрақты негізде қабылданатын ден қою шараларының алдын алу әсерін арттыру саясатын жүргізеді.
Қазіргі таңда, Департамент тарапынан тәуекелдерді басқару және қаржылық бақылау жүйесін пайдалану арқылы онлайн бюджеттік мониторинг модулін жүргізуде.
Онлайн бюджеттік мониторинг-Мемлекеттік қаражатты тиімді және ашық пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген жаңа ақпараттық жүйе. Аталған жүйе бюджеттік қаражаттың жұмсалуын онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді.
Мониторинг нәтижесі бойынша Бюджеттік бағдарламаның әкімшісін, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін және оның аумақтық органдарын хабардар ете отырып, мониторинг объектісіне ден қою-хаттарын жолдайды.
Осыған орай, 2025 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты мекемелердің қызметкерлеріне 11-тәуекелді төлемдер бойынша жалпы соммасы- 3 921,7 мың теңгеге 4 хабарлама жіберілді. Оның ішінде - 6 тәуекелді төлем расталынып, жалпы соммасы-1 033,2 мың теңге бюджетке өтелді. 87 009,8 мың теңге 112- тәуекелді төлем бойынша расталмады.