Бөлім басшының айтуынша, аудан аумағында 5 ай ішінде барлығы 33 (2024 ж. - 20) өрт оқиғасы тіркелген, жарақат алған және қаза болған адам жоқ. Өрттен келген шығын 3 млн 420 мың теңгені (2024 ж. – 5 млн. 010 мың теңге) құрап, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тұрмыстық өрттер және дала алқаптарындағы өрттердің алдын алу мақсатында 12 мың нан астам тұрғын үйлер араланып, 18 мыңға жуық адам қамтылды. ЖАО-мен бірлесіп 20 рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Іс-шара қорытындысы бойынша мобильді топ жоспарына сәйкес 24 әкімшілік іс қозғалып, аудан аумағында 13 ауыл округтерінде 160 адамнан құралған 13 ерікті өрт сөндіру жасақтары құрылған. Ерікті өрт сөндіру жасағы әртүрлі 55 техникамен (13 трактормен соқасымен, 3 су тасығыш тіркемесі, 39 өзге техникалармен) жабдықталған. Сонымен қатар 200 ден астам өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілген. Республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» оның 536-543 шақырымының жол жиектеріне жер жырту (опашка) жүргізілген, ұзындығы – 7 шақырым.
Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінде орман қорының жалпы көлемі 125 мың 787 гектарды жерді құрайды. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жол жиектеріне жер жырту (опашка) жұмыстары бүгінгі күнге дейін мүлдем жүргізілмеген. Жасыл желектерді өртен қорғау үшін жер жырту жолақтарын жүргізуге жататыны 8 га, немесе 16 шақырым құрайды.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 170 шақырымды құрайды, оның 70 шақырымында жасыл желектер бар. Жасыл желектерді өртен қорғау үшін жер жырту жолақтарын жүргізуге жататыны 14 га, немесе 38,4 шақырымға жер жырту жүргізілген.
Аудан бойынша жалпы 877 дана өрт гидранты орнатылған. Бүгінгі күнге дейін 355 дана өрт гидранттары зерделенді. Шомылу маусымы кезінде аудандық ТЖ бөлімі және жергілікті полиция қызметімен бірігіп су айдындарында көпшілік жаппай демалатын орындарда және шомылуға тыйым салынған орындарға рейдтер ұйымдастырылды, тұрғындарға «Балалардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету» жөнінде және «Суда өзін-өзі ұстау ережелері» бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бөлім басшысы күн тәртібіндегі мәселе бойынша қажетті ұсыныстарын да жеткізді.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау, азаматтарға ескертпелер тарату, шомылу маусымындағы қауіпсіздікті ережелерінің сақталуын бақылауға алу бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.