Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы бекітілген кестеге сәйкес, талап-тілегімен қайырылған тұрғындарды қабылдап, сұрақтарына назар аударды.
Қабылдауда болған Қаракемер ауылының тұрғыны Гүлнар Құрманалиева ауылдан бос тұрғын үй қажеттігін айтса, Әулиекөл ауылының тұрғыны Мария Ермекқызы кәсібін кеңейтуге қандай жеңілдіктер мен бағдарламалар бар екенін сұрады.
Ал Айшабибі ауылының тұрғыны Бекен Кеңесары жер рәсімдеу жұмыстары бойынша туындаған сауалдарына жауаптар алды.
Қабылдауда көтерілген сауалдарға сәйкес, Қаракемер ауылдық округі аумағынан уақытша тұрғын үй қарастыру бойынша округ әкіміне тапсырма берілді.
Кәсібін кеңейтуге бағытталған жеңілдіктер бойынша аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі тарапынан түсініктемелер берілді.