
Аудандық сайлау комиссиясы отырыс өткізді. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығына сәйкес, 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу мәселелері қаралды. Отырыста комиссия мүшелері толық қатысты. Төраға Құрылтай депутаттарының сайлауы тағайындалған сәттен бастап сайлау комиссиялары тиісті функцияларды орындайтынын, Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындау және ұйымдастыру жұмыстары басталғанын атап өтті. Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізу Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы бекіткен Күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізіледі. Отырыстың қорытындысында Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Еламан Ғалымжанұлы сайлау науқанын сапалы ұйымдастыруда комиссия мүшелерінің кәсіби даярлығы мен жауапкершілігінің маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, сайлау процесіне қатысатын барлық тараптар үшін сайлау заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау — негізгі және өзгермейтін шарт екенін баса айтты. Сайлау науқанының заңнамалық нормаларға толық сәйкес, ашықтық пен жариялылық қағидаттары сақтала отырып өткізілуін қамтамасыз етуді комиссия мүшелеріне тапсырып, осы бағыттағы жұмыстарға ерекше назар аударуды ескертті.