
Жамбыл облыстық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Талғат Салқанұлы Жамаловтың 12 шілдеге тағайындалған Бесағаш және Қызылқайнар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына орай, сайлау учаскелерінің дайындығы зерделеніп, комиссия мүшелерімен отырыс өткізілді. Зерделеу барысында учаскенің материалдық-техникалық жабдықталуы, ақпараттық стендтердің орналастырылуы, сайлаушыларға қолайлы жағдайлардың жасалуы және қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексерілді. Аталған зерделеу жұмыстары барысында сайлау учаскесінің жауапты мүшелеріне бірқатар түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұйымдастыру мәселелері бойынша тиісті ұсынымдар берілді. Сондай-ақ, сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету және сайлаушылар үшін қолайлы орта қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.