Жас сайлаушылар клубының отырысы өтті.
2026 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау мақсатында Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Еламан Ғалымжанұлы Алпысбаев жас сайлаушылар клубы мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында бірнеше маңызды шешімдер қабылданды:
Жас сайлаушылар клубының құрамына өзгеріс енгізіліп, жаңа төраға сайланды.
Жас сайлаушы клубы мен аумақтық сайлау комиссиясы бірлесе отырып, сайлау науқаны кезінде жастардың волонтерлік қызметін тиімді үйлестіру жолдарын талқылады.
Сайлау мен референдумға қатысу белсенділігін және жастардың сайлау процесіне деген көзқарасын анықтау үшін арнайы сауалнама жүргізу жоспарланды.
Барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту кезінде жас сайлаушы клубтарының мүшелері оқу процесіне белсенді тартылады.
Жас сайлаушылар клубының жаңа төрағасы жас ұрпақтың азаматтық белсенділігінің қоғам дамуындағы маңызды рөліне тоқталып, келесі ұсыныстар енгізді:
сайлау науқандарына жастардың волонтер ретінде қатысуын арттыру;
сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты мен орны туралы толық және уақтылы хабардар ету.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы ұсынылған бастамаларды толық қолдап, жастардың электоралдық мәдениетін арттыруға бағытталған бірлескен іс‑қимылдардың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар бекітілген жұмыс жоспарын тығыз ынтымақтастықта жүзеге асыруға келісті.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы