Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ағымдағы жылдың 17 мамырына тағайындалған Ерназар ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу және ұйымдастыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізілуде. Ерназар ауылында орналасқан № 178 учаскелік сайлау комиссиясының сайлауға дайындығы тексерілді. Тексеру барысында учаскенің материалдық‑техникалық жабдықталуы, құжаттама толықтығы және жұмыс тәртібінің сақталуы.
Сонымен қатар комиссия мүшелері үшін арнайы оқыту‑семинар өткізілді. Семинарға Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Еламан Ғалымжанұлы, комиссия хатшысы Орынбасар Қасымбекұлы, комиссия мүшелері қатысты.
Оқыту барысында келесі тақырыптар қарастырылды:
- сайлау күні сайлау учаскесін ашудан бастап бюллетеньдерді санау және хаттаманы толтыруға дейінгі жұмыстың тұтас тізбегі;
- учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің функционалдық міндеттерін нақтылау;
- сенімді өкілдермен, байқаушылармен және БАҚ өкілдерімен өзара іс‑қимыл жасау тәртіптері.
Әр дәрісті аяқтаған сайлау учаскесінде кездесетін кейстік сұрақтар талқыланды.
Біліктілікті арттыру мақсатында учаскелік сайлау комиссиясы мүшелеріне семинар‑тренингтің негізгі тақырыптары бойынша тест тапсырмасы ұсынылды. Тест нәтижелері комиссия мүшелерінің дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.