Жастармен кездесу

Жастармен кездесу

Валерий Чкалов атындағы орта мектебінде 10-11 сынып оқушыларымен Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс бөлімшесінің бастығы майор А.Шыныбеков, Полатқосшы ауылдық округі әкімі аппаратының әскери есеп жүргізушілері С.Мырзбай, Н.Амиров, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Н.Күндібаев жас өспірімдердің бойында патриоттық сезімдерін нығайту және кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу және түсіндірме жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілді.
Мектеп оқушыларына сарбаздардың, курсанттардың әскери тұрмыс- тіршілігі жайлы ақпараттар толығымен жарияланды. Әскери жоғары білім алғысы келетін жастарға, қандай әскери мамандықтар бар екендігі айтылып, керекті құжаттарды нақтылау туралы мәліметтер ұсынылды. Кездесу соңында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, кері байланыс орын алып, толықтай ақпарат алды.