Қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатында 2022 жылғы 3 наурызда біздің Президентіміз "әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы"№826 Жарлыққа қол қойды.
Осы Жарлыққа сәйкес, бекітілген жоспар бойынша біз өткен жылдан бастап тоқсан сайын еліміздің тұрғындарымен кездесулер өткіземіз. Біздің мақсатымыз-елмен тығыз қарым-қатынас жасау, халыққа мемлекеттік қолдауды кеңінен ұсыну, түсіндіру, ақпараттандыру.
Ауылдық округ әкімінің есебінде сіздің тарапыңыздан кейбір мәселелер көтерілді. Сіз білетін барлық сұрақтар бойынша жұмыс жасалды, өз шешімдерін тапты.