Меню
Страницы

«Аса-Антитеррор-2026»

«Аса-Антитеррор-2026»

🔹30 наурыз Жамбыл ауданының Аса ауылы аумағында өткізілген «Аса-Антитеррор-2026» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті. Оқу-жаттығуда құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге әрекет ету дайындығы тексерілді.

Оқу-жаттығу шеңберінде шартты төтенше жағдайларға жедел ден қою, ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар практикалық іс-қимылдар пысықталды. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар туындаған кезде басқару шешімдерін қабылдау алгоритмдері, күштер мен құралдарды жедел жұмылдыру тәртібі және ақпараттық өзара әрекеттесу тетіктері іс жүзінде тексерілді. Қойылған мақсаттар толық көлемде орындалып, барлық қатысушы құрылымдар өз деңгейінде дайындықтарын көрсетті. Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша анықталған жекелеген ұйымдастырушылық мәселелерді жетілдіру бағытында тиісті шаралар қабылданатын болады.

Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты