Мемлекет басшысының 2022 жылы наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, 14.02.2024 жылы аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Ерназар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары Нұрлан Несіпбеков, Ербол Жиенқұлов және тиісті бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Ауылдық округ әкімі тұрғындарымен кездесуді күн тәртібіне сәйкес жүргізіп, округте атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.
Аудан басшысы Ерлан Қыдыралыұлы бұған дейінгі кездесуде тұрғындардың айтылған талап-тілектері орындалғанын атап өтті.
Яғни, өткен жылы Ерназар-Қойгелді тас жолының ауылдан шыға беріс тұсына жол белгілері орнатылған, ауылдағы екі көшеге асфальт төселген, мектептің спорт залы және акт залының шатыры ауыстырылып, қолданысқа берілген, ауылдық әкімшілік жаңа ғимаратқа көшірілген, ауыл мен қалаға дейін тұрғындарды тасымалдайтын әлеуметтік қоғамдық көлік жүргізілген және т.б.с.с.
2024 жылы Ерназар ауылында ауылішілік ауыз су жүйесінің құрылысы, учаскелік полиция пункті құрылысы, екі көшеге бұзылысымен асфальт төсеу, ауыл сыртына айналма жол салу, аббатандыру және көгалдандыру, кітапхана ғимаратына ағымды жөндеу жүргізу, мал емдейтін өткелек салу сияқты жұмыстары жоспарға енгізілген.
Өз кезегінде тұрғындар атқарылған ауылдағы істерге ризашылығын білдіріп, талап-тілектерін жеткізді