2025 жылдың 27 ақпанында облыс әкімінің орынбасарымен бекітілген «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында қоныстанған Тараз қаласы және Сарысу, Талас, Мойынқұм, Жамбыл, Байзақ, Шу аудандарының тұрғындарын қорғау жөніндегі іс-шаралар» жоспарына сәйкес, 14 сәуірден 15 маусымға дейін эндемиялық аудандардың 46 елді мекендерінде І, ІІ-ші кезеңдерде көлемі 5,7 млн. шаршы метрді құрайтын 24392 қора жайлар мен 168178 мың шаршы метр буферлік аймаққа және барлығы 580 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетін болады.
Аталған ветеринариялық іс-шараны тиімді жүргізу үшін өткен жұмада аудандардағы ветеринариялық бөлімдерге қажетті ветеринариялық құрал-жабдықтар берілді.