Ветеринариялық іс-шаралар

Ветеринариялық іс-шаралар

Мемлекеттік тапсырыс бойынша 2025 жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралары жоспарға сәйкес наурыз айынан бастап жүргізілді.

 

Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 2025 жылдың наурыз айында жоспар бойынша аусыл ауруына қарсы 89 438 бас МІҚ, 1 171 725 бас ұсақ мал, 1 340 бас шошқа егілсе, сібір жарасы ауруына қарсы  3 362 бас МІҚ, 229 542 бас ұсақ мал, 7 437 бас  жылқыға екпе жұмыстары жүргізіліп, жұмыстар жалғасуда.

 

Сарып (бруцеллез) ауруын анықтау мақсатында, 295 080 (МІҚ – 87 396, МҰМ – 207 095, Жылқы – 589) ауыл шаруашылық жануарларынан қан сынамасы алынып, диагностикалық тексерулер жүргізілді.

  

Нәтижесінде 14 бас МІҚ және 6 бас МҰМ малдардан оң нәтиже анықталып, ауру жануарларды санитариялық союға үшін оқшауландырылды.