Мемлекет басшысымен 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – Ел өркендеуінің берік негізі» атты кезекті Жолдауында ветеринария саласын реформалау, орталық пен өңірлердің нақты міндеттерін айқындау, үрдістерді цифрландыру, малдәрігер мамандарын дайындау, жалақыларын өсіру сынды маңызды тапсырмалар берілгені бәрімізге белгілі. Осы тапсырмалардың аясында ветеринария саласына көп көңіл бөлініп, соңғы 4 жыл ішінде айтарлықтай жұмыстар атқарылды.
Дегенмен, салаға жүктелген функционалдық міндеттерді орындау барысында уақытша қандай да бір проблемалар туындайтыны рас.
Сонымен қатар, салаға қызығушылық танытатын және жақсы мал дәрігерлік мамандықты игергісі келетін жастарымызда баршылық.
Осы және басқа да өзекті мәселелермен ағымдағы жылдың 12 наурызында ветеринария басқармасының ғимаратында «Ашық есік күні» акциясы аясында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қожабергенов Талғат Ермекұлы азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтарға қанағаттарлық жауаптар беріліп, ұсыныстары назарға алынды.