Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен, сондай-ақ облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өңірдің мемлекеттік әйел қызметшілері арасында спартакиада жарыстары өтті. Спартакиада бағдарламасына сәйкес, жарыста жүзу, үстел теннисі, бесасық, дартс, секірмек, жеңіл атлетика, дойбы, сондай-ақ армрестлинг сияқты спорт түрлері болды.
Ветеринария басқармасы жеке және командалық жеңіс жолында жеңіс тұғырынан көріну үшін спорттық сайыстың 5 түрінен қатысты.
Осы салтанатты іс-шара күні, дартс жарысында 40 жасқа дейінгі санат бойынша әйелдер арасында әріптесіміз Үйсімбаева Құралай Қайратқызы жақсы нәтиже көрсете отырып 2 орынға ие болса, 40 жастан жоғарғы санатта әріптесіміз Дутбаева Сәуле Назарханқызы дойбы сайысында жақсы нәтиже көрсетіп, 2 орынды иеленді.