Мүдделер қақтығысы

Мүдделер қақтығысы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңының талаптарына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға, егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынады. Яғни, осы талапта көрсетілген адамдар мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу бойынша шаралар қабылдауға тиіс, сондай-ақ тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті болып табылады.

Осы және басқа да міндеттер бойынша мәселелер мекеме басшысы Бақыт Бетбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды.

- «Мүдделер қақтығысын болдырмау немесе реттеу бойынша шараларды қызметкер де, жұмыс беруші де қабылдауы керек. Назар аударыңыздар! Реттелмеген мүдделер қақтығысы, яғни өкілеттіктерді теріс пайдалану немесе лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану қылмыстық құқық бұзушылыққа айналуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметкерге қылмыстық жауапкершілік шаралары қолданылады»,-деді жиналыс төрағасы.