Ел жадында ерекше сақталатын есімдер болады. Олар өзгелерден ерекшеленіп, артында өшпес өз қалдырады, елге қызмет етеді, жасампаздықтың үлгілі өнегесін көрсетіп, ірі тұлға ретінде тарих бетінен айрықша орын алады. Ұлы Абай айтқандай ақыл, қайрат пен жылы жүрек үшеуін бірдей ұстаған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев-құрметті азамат, көрнекті қайраткер, ұлы адам, ірі тұлға.
Бүгін белгілі тұлғаның 112 жыл толуына орай ветеринария басқармасының басшылық құрамы Қонаев атамызға арналған іс-шараға қатысып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.