Ветеринария басты назарда

Ветеринария басты назарда

Мемлекет басшысының ветеринария саласындағы алға қойған міндеттеріне қол жеткізу үшін ветеринария саласының қызметіне талдау жұмыстары жүргізілді. Жүйені реформалау бойынша шаралар әзірленді, олар сарапшылармен, жануарларды қорғаушылармен, салалық қауымдастықтармен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірнеше рет талқыланды. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша тиісті жол картасы бекітілді.

Сонымен қатар, тиісті заңнамалық базаны қабылдаумен 2023 жылдан бастап коммуналдық ветеринариялық кәсіпорындар мамандарының лауазымдық жалақысы 35-50 пайызға көтерілуі көзделеді.

Осы және ветеринариялық жүйені реформалаудағы күтілетін өзгерістер туралы тақырыптар жайында толығырақ облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Олжас Тұрғынұлы Көкей «QAZAQSTAN» телеарнасының тілшісімен кездесу барысында айтты.

Толығырақ тілші Нұрдос Болатұлының материалында...