Өткен жылға шолу және алдағы жоспарлар

Өткен жылға шолу және алдағы жоспарлар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2021 жылғы Жолдауында ветеринария жүйесін реформалау бойынша нақты міндеттер қойғаны белгілі. Реформаларды енгізуді кезең-кезеңмен жүзеге асыру жоспарланған. Бұл ветеринариялық қызметтің тиімділігін арттыруға және болашақта оны жаңа заманауи деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдармен нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтарға, сондай-ақ ветеринариялық заңнаманың белгілі бір нормаларын практикалық қолданудың жетілмегендігіне жан-жақты талдау жүргізілді.

Бұған қоса, 2022 жылдың 2 наурызында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» күшіне енді. Онда қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын азайту үшін қажет нәрсенің бәрі жазылған.

Сонымен қатар, өткен жылдың наурыз-мамыр айларында жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы барлық ережелерді белгілейтін 13 заңға тәуелді нормативтік актілер қабылданды. Алайда, жануарларды қорғаушылар әлі де тынышталар емес және ветеринарлық қызметтерден осыған байланысты қатаң шаралар қабылдауды талап етеді.

Осы және ветеринариялық жүйені реформалаудағы күтілетін өзгерістер туралы тақырыптар жайында толығырақ облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Олжас Тұрғынұлы Көкей «Taraz24» телеарнасының тілшісімен кездесу барысында айтып берді.