Реформа аясындағы ветеринариялық іс-шаралар

Реформа аясындағы ветеринариялық іс-шаралар

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында баяндалған маңызды талаптардың бірі ветеринария саласын реформалау, орталық пен өңірлердің нақты міндеттерін айқындау, ветеринария жүйесін цифрландыру, ветеринария мамандарын даярлау, жалақыны арттыру, ветеринария саласын жаңа деңгейге көтеру болып табылады.

Осы бағытта облыстық ветеринария басқармасы Jambyl TV телеарнасын тарта отырып, ветеринария саласындағы кейбір нақты бағыттар бойынша бейнесюжеттер ұйымдастырды.

Алдымен, облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Олжас Тұрғынұлы Көкей ветеринариялық жүйені реформалаудағы күтілетін өзгерістер жайында тілшіге бетпе-бет сұқбат берді. Кейінгі іс-шара Жамбыл ауданы Аса ауылдық округінде жалғасты. Онда БАҚ өкілдері ветеринариялық пункттердің бірінде болып жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуі және ветеринариялық маманның тыныс-тіршілігімен танысты.