Инновациялық семинар-кеңес өтті

Инновациялық семинар-кеңес өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының ғимаратында ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша семинар-кеңес өтті.

Семинарды Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Нұржанұлы Құрмантаев ашып, бірден күн тәртібіндегі мәселелерге көшті.

Айта кетсек, аталған семинар-кеңесте Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университетінің «Агро - Даму» басқармасының басшысы Темірбек Сауле Каюмовна және «Акушерлік хирургия және малдардың өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасының меңгерушісі б.ғ.к. Усенбеков Есенғали Серікұлы, сондай-ақ «Асылдандыру Тараз» - ЖШС директоры Тайтенов Нұрболат Серікбайұлы және «Племенной центр Qazyna» ЖШС директоры Төлеуова Элмира Нұрланқызы, сонымен қатар аудан әкімдерінің орынбасарлары күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз ойларын айта отырып, дәстүрлі пікір алмасулар болды.

Жалпы бұл семинардың мақсаты-ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру қызметін жандандыру. Себебі жасанды ұрықтандыру табынның генетикасын жақсартудың ең жылдам жолы.

Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру үшін тиісті мүдделі тұлғалармен бірлескен алгоритм  жасалынатын болады.