Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде «Облыстық рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Нұрақбаев Ринат Даниярұлы және «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жұбандықова Нәзима Дәрменқызы облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының ғимаратында болып, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта жиын өткізді.
Тақырып бойынша сөз алған баяндамашылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және олардың салдарларын жою бойынша, әсіресе отбасылық мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды.
- «Отан отбасынан басталады» деп айтып кеткен ата-баба сөзінде терең мән-мағына жатыр. Осындай шындық аясында отбасының тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын тәрбиелеудегі рөлі қандай және оның сыбайлас жемқорлыққа және оның көріністеріне қарсы төзбеушілік қатынасын қалай қалыптастыруға болады деген сұрақты қарастырайық. Қазіргі отбасы қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы у таба ала ма? Отбасылық салт-дәстүрлер, мәдениет тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған ба? Отбасы адамдардың қатынасына тереңдеп еніп кеткен сыбайлас жемқорлықты қалай бағалайды және қабылдайды?
Отбасы сыбайлас жемқорлықты моральдық-этикалық нормаларды бұзушылық, ұлт мәдениетіне жат, асылық, Отанға деген сатқындық деп айыптай ма? Осы сұрақтардың барлығы отбасының қазіргі қоғамдағы рөлін күрделі талдауды қажет етеді. Бүгінгі күні обасы қоғам үшін күрделі және маңызды проблеманы шешуге ынтасы жоқ, тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастырудың пәрменді субъектісіне айнала алмайтыны анық.
Осы мақсатта елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған ауқымды бірқатар бағдарламалар қабылданып, әртүрлі тетіктер арқылы іске асыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Сондай тетіктердің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытуда және тұлғаны тәрбилеуде отбасының рөлі.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Моральдық-адамгершілік ілгерілеу, құндылықты ұстанымдар, қоғамның артықшылықтары отбасы қатынастарының негізін құрайды. Сондықтан да, отбасы қоғамдық дамудың маңызды индикаторы болып табылады – деді сөз соңында баяндамашылар.
Ұсыныс: