Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауына қатысты өткізілген жиналыс

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауына қатысты өткізілген жиналыс

2021 жылғы қыркүйек айының 2-3 күндері басқарма басшысы Е.Ж.Жиенқұловтың төрағалығымен басқарманың қызметкерлері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшылары арасында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді.

Жиын барысында Е.Жиенқұлов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ветеринария саласына назар аударғанын атап өтті.

Жолдаудан үзінді: «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

І. Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму

Ветеринария саласын да жетілдіру қажет.

Бұл салада орталық пен өңірлер арасындағы міндеттер мен құзыреттер нақты бөлінуі керек.

Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты.

Бұл, түптеп келгенде, ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді.

Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.  

Сондықтан, осы салада жүйелі жұмыс атқарылуға тиіс.

Атап айтқанда, үдерістерді цифрландыру, мәлімет жинау және оны автоматтандыру, маман даярлау және олардың жалақысын көбейту шаралары.

Үкімет жыл соңына дейін ветеринария жүйесін реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдауы керек!.

«Сол себептенде ветеринария саласындағы жұмысты одан әрі жетілдіру және жандандыру үшін қолдан келгенше барлық мүмкіндікті жасау қажет – деді Е.Жиенқұлов.