
23 тамыз – Қазақстан халқы үшін тарихи маңызы зор, ел бірлігі мен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін маңызды күндердің бірі.
Жиын барысында ел дамуының басым бағыттары, мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі, ұлттық құндылықтарды сақтау және қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайту мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар, жиында басқарманың әкімшілік, ұйымдастырушылық және құқықтық бөлімінің жаңа басшысы таныстырылды. Аталған лауазымға Алтынкөп Бейбіт Нұрланұлы тағайындалды.
Басқарма басшысы Бақыт Бетбаев жаңа бөлім басшысын ұжымға таныстырып, қызметіне сәттілік тілеп, алдағы міндеттерді сапалы әрі жауапкершілікпен атқарудың маңыздылығын атап өтті.
Жиын соңында басқарма ұжымына мемлекеттік қызметтің мәртебесін биік ұстап, ел игілігі жолындағы жұмыстарды бірлесе атқару жөнінде тиісті міндеттер қойылды.