
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Бетбаевтың төрағалығымен ветеринария саласындағы өзекті мәселелерге арналған жұмыс кеңесі өтті.
Жиынға басқармаға ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен жауапты мамандар қатысты. Кеңес барысында ветеринария саласында атқарылып жатқан жоспарлы іс-шаралардың орындалу барысы жан-жақты сараланып, белгіленген көрсеткіштердің орындалу деңгейі талқыланды.
Сонымен қатар, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жануарлар ауруларының алдын алу, профилактикалық іс-шараларды сапалы ұйымдастыру, цифрландыру бағытындағы жұмыстар және қызметтің тиімділігін арттыру мәселелері кеңінен қарастырылды.
Жиын қорытындысында басқарма басшысы Бақыт Бетбаев белгіленген міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуының маңыздылығына тоқталып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.