
Басқарманың әдеп жөніндегі уәкілі Исаков Мират Нұрғалиұлы басқарманың бірқатар қызметкерлерімен кездесіп, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы орындау, азаматтармен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтен тыс уақытта да мемлекеттік қызметшінің оң имиджін сақтау мәселелері бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қызметтік тәртіпті сақтау, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқына қойылатын талаптар, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын бұзудың салдары туралы айтылып, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп қағидаттарын сақтау мәдениетін нығайту, заң талаптарын мүлтіксіз орындауға және қызметтік тәртіпті күшейтуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу болып табылады.