БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасында 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында басқарма басшысы бұқаралық ақпарат құралдары саласында жемісті еңбек етіп, өңірдің қоғамдық-саяси өмірін, ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстарды тұрғындарға жан-жақты әрі шынайы жеткізіп жүрген бірқатар облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Құттықтау сөзінде басқарма басшысы журналистердің қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы ашықтықты қамтамасыз етудегі, халыққа маңызды әрі өзекті ақпаратты дер кезінде жеткізудегі еңбегіне жоғары баға берді. Сондай-ақ ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттауға, сала жаңалықтары мен атқарылған жұмыстарды кеңінен жариялап, қоғаммен тиімді байланыс орнатуға қосқан үлестері үшін ризашылығын білдірді.

Салтанатты рәсімде БАҚ өкілдеріне Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Алғыс хаттары табысталды.