Тағайындау

Тағайындау

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының бұйрығымен Жарқынтаев Мейржан Жақыпбекұлы «Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Мейржан Жақыпбекұлы 1985 жылғы 11 қарашада Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Кеңес ауылында дүниеге келген. Қазак Ұлттық аграрлық университетін «Ветеринария» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы бастаған. Әр жылдары облыстың ветеринария саласында түрлі жауапты қызметтер атқарған.

Отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отыр.