МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ АЙШЫҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ АЙШЫҒЫ

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік шара барысында басқарма қызметкерлері басшының кабинетіне жиналып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын салтанатты түрде орындады. Іс-шараға қатысушылар мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтіп, Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі саналатын Ту, Елтаңба және Әнұранның ел бірлігі мен ұлттық рухты нығайтудағы маңызына тоқталды.

Басқарма басшысы қатысушыларды мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздер – егемен еліміздің тарихын, мәдениетін және болашаққа деген ұмтылысын бейнелейтін киелі белгілер екенін айтты. Сондай-ақ, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу Отанға деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің және азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі екендігін жеткізді.

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара ұжым қызметкерлерінің патриоттық рухын арттырып, елдік құндылықтарға деген құрметін одан әрі нығайтуға ықпал етті.