
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Бетбаев ведомстволық бағыныстағы ветеринариялық ұйымдардың басшыларымен жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында облыстың бас мал дәрігері ветеринария саласында ағымдағы жылдың алғашқы бес айында атқарылған жұмыстардың қорытындыларын тыңдап, аудандық және қалалық ветеринариялық ұйымдардың қызметіне жан-жақты талдау жасады.
Жиында жануарлар ауруларының алдын алу, ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралардың орындалу барысы, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қаралды.
Бақыт Аязұлы профилактикалық және диагностикалық жоспарлардың нақты әрі тиімді орындалуына ерекше назар аударып, көрсеткіштердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, ветеринариялық іс-шараларды белгіленген мерзімде аяқтау, есептіліктің дұрыстығын қамтамасыз ету және тұрғындармен кері байланысты күшейту мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Кеңес қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалып, ветеринариялық ұйым басшыларына қойылған тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету жүктелді.