МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметкердің ант қабылдау рәсімі өтті.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бөліміне тағайындалған жас мемлекеттік қызметші Шәуміл Пернеғали Берікбайұлы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің антын қабылдады.

Салтанатты рәсім барысында мемлекеттік қызметшінің қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігі, қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы атқарудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, жас маманға мемлекеттік қызметтің қағидаттарын қатаң сақтап, халыққа сапалы қызмет көрсету, заңдылық пен кәсібилік талаптарын басшылыққа алу қажеттігі айтылды.

Ант қабылдау – мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен орындауға, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға беретін ресми серті болып табылады.

Ұжым қызметкерлері жас мемлекеттік қызметші Шәуміл Пернеғали Берікбайұлын мемлекеттік қызмет қатарына қосылуымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс, кәсіби жетістіктер мен ел игілігі жолындағы жемісті еңбек тіледі.