
2025 жылғы 11 маусымда өткен «Мықты қоғам – Қуатты Қазақстан» атты XII өңірлік Азаматтық форум аясында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында облыс әкімдігінің басқарма басшыларына үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру тапсырылған болатын.
Аталған тапсырмаға сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – саладағы өзекті әрі өткір мәселелерді талқылау, азаматтық қоғам өкілдерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдау және оларды шешу жолдарын бірлесіп қарастыру болды.
Іс-шара барысында басқарма басшысы ветеринария саласындағы қазіргі ахуал, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы қысқаша баяндап өтті. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан ветеринариялық қызметтің сапасын арттыру, эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру, сондай-ақ халықпен кері байланысты күшейту бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды.
Жиын қорытындысы бойынша көтерілген мәселелер бақылауға алынып, оларды кезең-кезеңімен шешу бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды одан әрі нығайту және ашық диалог алаңдарын тұрақты түрде ұйымдастыру қажеттігі атап өтілді.