
Өткен сенбіде “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында “Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу” атты кезекті кең ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Аталған бастама қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің экологиялық ахуалын жақсарту және тұрғындар арасында табиғатқа деген жанашырлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Іс-шараға Жамбыл облысының ветеринариялық станциясының мамандары белсенді түрде қатысып, “Қызылабад” алқабында ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді. Мамандар белгіленген аумақта көшеттер отырғызып, олардың күтімі мен дұрыс өсуіне қажетті шараларды да назардан тыс қалдырмады.
Бұл бастама өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ болашақ ұрпақ үшін жасыл әрі қолайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қосады. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.